ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое аудандық полиция бөліміне жүгінген 35 жастағы азамат үйінің ауласында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің айдап кеткенін жеткізді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында автокөлікті тапқанымен қылмыскерді анықтай алмаған.
«Бірнеше күннен кейін полицияға хабарласқан тағы бір ауыл тұрғыны есігі құлыпталмаған «ВАЗ» көлігінің ұрланғанын айтты. Іздестіру шаралары барысында көлік «Глубокое-Белоусовка» тасжолының 5 шақырымында табылды. Полиция қызметкерлері аталған деректер бойынша қылмыс жасаған адамды қолға түсіру үшін жіті жоспар құрды. Соның нәтижесінде, 28 жастағы күдікті ұсталды. Жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.