ШҚО-да екі күнде 5 адам суға кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері 5 адам суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиғаларӨскемен, Семей қалалары мен Шемонаиха ауданында болған. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментініңмәліметіне сенсек, суға кеткендердің барлығы арнайы жабдықталмаған орында шомылған.

«Шемонаиха ауданында Үбе өзенінен 41 және 20 жастағыер адамдардың денесі табылды. Екеуі екі бөлек жерде шомылып жүрген. Бір-бірінтанымаған да. 41 жастағы тағыбір ер адам Өскеменде шомылуға болмайтыны туралы белгі қойылған жасанды тоғанғабатып кеткен.Сүңгуірлер оның денесін 40 минут іздеді. Өскеменнің іргесіндегі Меновноекентінде 49 жастағы ер адамның денесін сүңгуірлер бір сағат іздеді. Ол да жабдықталмаған жерде шомылған. Семейқаласында 32 жастағы жігіт Березов кентінің маңында суға кетті. Оқиғаға куәболғандардың айтуынша, марқұм суға мас күйде түскен», - делінгендепартаменттің баспасөз ақпаратында.

Шомылу маусымы басталғалы облыста 29 адамның ажалы судан келген.