ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күннің күрт жылынуына орай өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі артқан.
Осыған орай соңғы екі күнде бірнеше рет жасанды жолмен қар түсірілді.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері «Согорное-Барлық» және «Өскемен-Самар» тасжолдарының бойында профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде, бұл учаскелерде барлығы 11 320 текше метр қар түскен. Алдағы уақытта осы мақсаттағы жұмыстар жалғасы береді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, қыс мезгілі басталғалы бері облыс бойынша 76 рет жасанды жолмен қар көшкіні түсірілген.