ШҚО ақпарат орталығының мәліметінше, Өскеменде биіктігі 16 метрге жуық Тәуелсіздік монументі ашылған.
Оның биіктігі – 15,7 м, диаметрі – 10,9 м. Төбесінде Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібектің мүсіндері, төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бейнеленген барельеф орнатылған.
Монументтің орталық бөлігінде үш жоғарғы бидің – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мүсіндері орналасқан.
Мереке қарсаңында барлық қалалар мен аудандарда әлеуметтік нысандардың салтанатты ашылуы, облыстың дамуына зор үлес қосқан тұрғындарды марапаттау рәсімдері өтті.
Мұнда шығармашылық даму және танымдық демалыс үшін қолайлы орта құрылды.
Ұлан ауданы Герасимовка ауылында екі нысанның салтанатты ашылуы өтті. Ауыл тұрғындарының игілігіне жаңа балабақша пайдалануға берілді.
Сондай-ақ ауылда 400-ден астам ауланы таза ауыз сумен қамтамасыз ететін орталық су құбыры ашылды.
Жоба «Ауыл – ел бесігі»мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған.
Ұлан ауданының Сағыр ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды.
1981 жылы салынған бұрынғы фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты 90 млн теңгеге жөнделді. Жаңа жиһаздар мен жабдықтар алынды.
Жарма ауданында қуаты 30 МВт жел электр станциясы іске қосылды.
Бүгінде бұл - жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған «жасыл экономиканың» ең ірі жобаларының бірі.
Инвестицияның жалпы сомасы - 7,4 млрд теңге.
Тарбағатай ауданында Ұлы Отан соғысының жауынгерлері мен батырларының, Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне «Батырлар аллеясы» салтанатты түрде ашылды.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстанда барлығы 140-тан астам іс-шара өтіп, 65 жаңа нысан есігін айқара ашты.