«2015 жылы өңіріміз ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету бойынша республикада ең төменгілердің қатарында болды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бөлінген қаражаттың көлемін едәуір ұлғайттық. Нәтижесінде 4 жылдың ішінде ауылдарға ауызсу тарту көрсеткіші 10 есеге дейін артты», - деді Даниал Ахметов қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруінде.
Оның айтуынша, бүгінде елді мекендердің 81%-ы ауызсумен қамтамасыз етілген. 2020-2021 жылдарға дейін блоктік-модульдік станцияларды орнату жұмыстары 99%-ға дейін жеткізілмек.
«Тек сан емес, сапа болуы керек. Сол үшін жұмыс сапасын бақылауды барынша күшейтеміз», - деді аймақ басшысы.