ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында еріктілер медициналық маска тігуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аудандағы еріктілер, көпбалалы аналар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері бірлесіп 32 мың дана медициналық маска жасады. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Маскалар аз қамтылған жанұяларға, зейнеткерлерге тегін таратылады», - дейді аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов.
Оның айтуынша, өңірдегі қоғамдық орындарда және сауда нысандарында тұрақты түрде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін үржарлық көпбалалы аналардың күніне мың дана маска тігіп, тегін таратып жатқанын хабарланғанбыз.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.