ШҚО-да есірткі өсіруге арналған 4 фитозертхана жойылды

Фото: Polisia.kz

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 20 келіден астам есірткіні тәркіледі.

Өңір аумағында 1 маусымнан бері «Қарасора-2025» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Соның аясында есірткіге қатысты 41 құқықбұзушылық тіркелді. 

Тәртіп сақшылары 20 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеп, есірткі таратумен айналысқан адамдарды ұстады. Бұл туралы ШҚО ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дәулет Жұмаділов мәлім етті.

— Тәркіленген заттардың ішінде «мефедрон» мен «альфа-ПВП» секілді психобелсенді заттар бар. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар полиция қызметкерлері есірткі өсіруге арналған 4 фитозертхананы жойды, — деді ол.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы табылғаны хабарланған.