ір бойынша «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға 28 адам ақша салған. Оның 7-і Өскемен, ал 21-і Семей қаласының тұрғындары.
«Тәртіп сақшылары аймақтағы бөлімшенің директорын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (аса ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Басқа да зардап шеккендер болса полицияға хабарласуын сұраймыз», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін, осыған дейін «Гарант 24 Ломбард» Тараз бөлімшесінің директоры ұсталғаны хабарланған болатын.