ШҚО-да газ баллонының жарылуынан үш адам зардап шекті - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жеке сектордағы тұрғын үйде газ баллонының жарылуынан үш адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Қаңтардың 21-і күні таңертең ШҚО, Глубокий ауданындағы Кожохов ауылында «жер үйде» газ баллоны жарылып, оның салдарынан 6 шаршы метр аумақта үйдің төбесі мен қабырғасы жанған.

Күйік жарақаттарын алған үш адам, оның ішінде 14 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Өрт ШҚО ТЖД-ның өртке қарсы қызметінің күшімен ауыздықталды.