«Ағымдағы жылы 30 тамызда бесінші халықаралық бал фестивалі Өскеменде өткізіледі. Ауқымды шараға отандық сарапшылардан басқа Израиль, Түркия, Қытай, Румыния, Франция елдерінен мамандар келеді деп күтілуде», - деді Н.Тоқтаров.
Шетелдік мамандар омарта шаруашылығында озық инновациялық технологияларды пайдалану бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісетін болады. Мемлекет омарташылықтың дамуына үлен көңіл бөлуде. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қосымша субсидия бөлінді, оны асыл тұқымды араны өсірумен айналысатын шаруашылықтар алатын болады, деп хабарлайды strategy2050.kz.