ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында өтетін «Шығыс салбұрыны-2022» сайысына бес елден 30 бүркітші қатыспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шығыс салбұрыны-2022» сайысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өтеді. Онда қатысушылар бүркіт ұшырып, ит жүгіртіп, асау үйретіп, жарысқа түспек.
«Ұлттық спорт додасына Қазақстан, Моңғолия Халық Республикасы, Қырғызстан, Венгрия және Ресейден 30 бүркітші қатысады. Бұдан бөлек, 35 қазақы құмай тазы сайысқа түседі. Иттер бір шақырымға жүгіріп жарысады», - деп хабарлады аудан әкімдігінен.
Сайыс 8 қараша күні өтеді. Себебі сол күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауады деп күтілуде. Қансонарда аң ізі анық көрінеді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.