2015 жылы ауыл халқынан 3,7 мың тонна сүт жиналса, биыл бұл көрсеткіш 36,2 мың тоннаға жеткен.
Төрт жылда 37 тауарлы-сүт фермасы іске қосылған және қайта құрылған. Сондай-ақ, 55 сүт қабылдау пункті құрылып отыр. Осының арқасында өңірдегі сүт зауыттарының жүктемесі 29%-дан 75%-ға дейін өскен.
«Мысалы, «Эмиль»компаниясы өндірістік қуатын 36 мың тоннадан 56 мыңға көбейту үшін қайта жарақтауға көшті. Сүтті мал шаруашылығын әрі қарай да дамыта береміз. Ол қысқа уақытта өз жемісін беріп жатыр» - деді Даниал Ахметов.