ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан ер адамды байқап қалып, бірден көмекке ұмтылған. Оны судан алып шыққан соң, аты-жөнін сұрады. Сол кезде азамат өзінің адасып кетіп, үйіне қайта алмай жүргендігін жеткізген.
«Анықталғандай, Александр Гурбанов 16 шілдеде жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. 3 күннен кейін оның әйелі полицияға жүгініп, күйеуінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен оны табу мүмкін болмаған еді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ер адам өз кезегінде өмірін ажалдан арашалап қалған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.