Қазіргі уақытта эксковатордың көмегімен өзен арнасын кептелістерден тазарту жүргізілуде және алдағы уақытта негізгі арнасына бөгеттен суды бұру, сондай-ақ бөгетті қайта қалпына келтіру жоспарлануда. Төтенше жағдайды жоюға Қалжыр ауылдық оуругінің әкімшілігі, «Қазселденқорғау» ММ ӨПБ және ШААЖҚТ қатысуда.
01:19, 06 Желтоқсан 2016
ШҚО-да Қалжыр өзеніндегі бөгет бұзылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Қалжыр өзенінде сең бөгеліп соның салдарынан жиналған су бөгетті бұзып кетті, деп хабарлайды «Қазселденқорғау» ММ.