деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, қайғылы оқиға кеше Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында орын алған. «Өскемен-Семей» автожолының 75 шақырымында КамАЗ бен Ауди көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы қаза тапқан. Сонымен қатар КамАЗ жүк көлігінің 1 жолаушысы мен Ауди көлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.