Тергеу нәтижелері бойынша «Ерке-М» ЖШС, «Өскемен Қант» ЖШС, «Антоненко И.В.» ЖК, «Боков К.Г.» ЖК - қатысты, Семей қаласында - «Ақ сұңқар Семей» ЖШС, «Спутник» Халықаралық туризм» ЖШС, «Раимова А.К.» ЖК, «Ермекова Ж.К.» ЖК-ға қатысты әкімшілік істер қозғалды және аумақтылығы бойынша сәйкес мамандандырылған соттар қарауына тапсырылды:
Өскемен қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік істерді қарап, монополиялық табысты тәркілеу және айыппұлдар салу үкімін шығарды.
Атап айтқанда, «Боков К.Г.» Жеке кәсіпкерлігіне - 49 004 теңге монополиялық табысты тәркілеумен 43 355 теңге мөлшеріндегі айыппұл;
- «Антоненко И.В.» ЖК - 213 973 теңге монополиялық табысты тәркілеумен 273 378 теңге мөлшеріндегі айыппұл;
- «Өскемен Қант» ЖШС - 553 419 теңге монополиялық табысты тәркілеумен 350 273 теңге мөлшеріндегі айыппұл;
- «Ерке-М» ЖШС - 487 545 теңге монополиялық табысты тәркілеумен 560 841 теңге мөлшеріндегі айыппұл салынды.
Семей қаласы бойынша әкімшілік істер Мамандандырылған әкімшілік сот қарауында.