СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қар кешкіш аударылып түсіп, 8 жасар қыз қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақпан айының 5-і күні Малоубинка ауылының 35 жастағы тұрғыны елді мекеннің шетінде қар кешкіш көлікпен келе жатып, аударылып қалған. Осының салдарынан дене жарақатын алған 2012 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.