ШҚО-да қар көшкіні қаупінен автотрасса жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты автожол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалуы мүмкін.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.