ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде құтқарушылар профилактикалық мақсатта қар көшкінін түсірмек.
«1 желтоқсан күні сағат 11-00-де жасанды жолмен қар көшкінін түсіруге байланысты Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары тасжолының 58-66 шақырымында (Ушановское ауылы мен Серебрянск қаласының аралығы) көліктің барлық түріне жабық болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте департамент мамандары облыс тұрғындарына қолайсыз ауа райында алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.