ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты тағы да жол жабылды

Фото: ТЖМ

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жолдардың бірі жабылды.

22 қаңтар сағат 15.00-ден бастап 23 ақпан сағат 08.00-ге дейін Катонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтады. Бұл жол бүгін таңертең ғана ашылған болатын.

- Себебі бұл жолда қар көшкіні қаупі әлі де жоғары болып тұр. Көлік жүргізушілерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз. Алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отырған жөн, - деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО таулы жерлерінде қар көшкіні қаупі жоғары болып тұрғаны хабарланған.