ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.
- Катонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында 25 наурыз сағат 08.00-ге дейін автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Сондықтан көлік жүргізушілерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, бұған дейін еріген қар суының салдарынан 3 облыста жол жабылғаны хабарланған.