ШҚО-да қар құрсауынан сегіз адам құтқарылды
15:00, 09 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жұма күні, қаңтардың 8-інде құтқарушылар қар құрсауынан сегіз адамды және екі техника құралын құтқарды,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Көшірілгендер Бұқтырма су қоймасынан келе жатқан кезінде қар құрсауында қалған. Олардың барлығы да «Пикник» демалыс базасына орналастырылды.