ШҚО-да қар мол жауғандықтан көшкін жүру қаупі артты

Фото: Фото: ҚР ТЖМ

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі жоғары. 

- Бүгінде облыстағы қардың биіктігі нормадан 25%-ға артық. Кей жерлерде қар жамылғысының максималды биіктігі - 120 см. Соңғы бірнеше күнде қар тәулігіне 20 см-ге дейін жауды. Сонымен қатар бұрқасын мен күннің жылып кетуі де көшкін қаупін арттырып отыр, - делінген ақпаратта. 

Осы ретте, көшкіннің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жасанды жолмен көшкін түсірілуде. 

Қыс басталғалы бері 15 рет профилактикалық қар көшкіні жүргізілді. Соның нәтижесінде жалпы көлемі шамамен 6665 текше метр қар түсірілген. 

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында бір күнде екі рет қар көшкіні жүргені хабарланған