Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.
5 сәуір күні Өскеменде 318 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 10 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген заңбұзушылықтар бойынша 656 325 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
Семейде тексеру барысында 343 нысан қамтылған. Шектеу шаралары мен маска режимін бұзған 11 адам тіркелді. 43 755 теңге мөлшерінде бір хаттама толтырылған.
Сондай-ақ Шемонаиха ауданында мониторингілік топтар 77 нысанды аралап, маска режимін бұзудың екі фактісін анықтады.