ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен және Семей қалаларында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін инактивтендірілген QazVac және Sinopharm вакциналары қолжетімді.
«Коронавирусқа қарсы ревакцинация векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін жүргізіледі. Ал инактивтендірілген және м-РНК-вакцинадан соң 6 айдан соң салынады. Өңір бойынша қараша айының соңына дейін 650 адам ревакцинациядан өтеді деп жоспарланған», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ облыс емханаларында жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12-18 жас аралығындағы балаларға Pfizer вакцинасын салу науқаны жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда осы санаттағы 5500-ге жуық адам екпе алған.