ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында 60 көлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11 ақпанда кешке қарай Көкпекті ауданындағы Байбура мен Өмеш асуында 60 көлік қалың қарға батып қалған. Оларды шығаруға №33 өрт сөндіру бөліміндегілер көмектесті.
«200-ге жуық жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді. Қазірде олар Көкпекті ауылындағы Шәйжүнісов және Көкпекті орта мектептеріне, туыстарына және қонақүйлерге орналастырылды», – деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөліміндегілер.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.