ШҚО-да «Қару-2011» шарасы барысында 48 дана атыс қаруы тәркіленді

None
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандық полицейлер республикалық «Қару-2011» жедел-алдын алу шарасының қорытындысын шығаруда.

Іс-шараның екі күні ішінде департамент қызметкерлері заңсыз айналымнан 48 дана атыс қаруын тәркіледі, деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоның атап өтуінше, оның ішінде 3 дана ұңғылы, 2 дана травматикалық қару, 41 дана тегіс ұңғылы мылтық, электрлі қару, өзгертілген қару, 47 оқ тәркіленіп алынды. Атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 45 адам тартылып, 290 хаттама толтырылды.

«Тек Тарбағатай ауданының өзінде біздің қызметкерлермен екі шолақ мылтық тәркіленді. Семей қаласында 60 жастағы зейнеткерден атуға жарамды болып өзгертілген калибрі 9 мм газ тапанша тәркіленді. Сәтбаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында орналасқан гараждан 40-тан аса оқ табылды. Полицейлер тіркелмеген атыс қаруы бар тұлғаларға қаруларын ерікті түрде ішкі істер органдарына әкеп тапсыруды ұсынады. Себебі атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылған», - дейді, ШҚО ІІД ҚҚБ Лицензиялық-рұқсат ету жүйесі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.Түрекенов.