Департаменттің баспасөз қызметінен хабарланып отырғандай, ведомство республикалық «Қарақшылық» жедел-іздестіру шарасын өткізіп, екі күннің ішінде облыс аумақтарында жіті тексеру жұмыстарын жүргізген. Нақтырақ айтқанда, ұрланған мүлік сақталуы мүмкін 53 орын тексеріліп, қылмыс жолымен мүлікті жасыру бойынша 1 жағдай тіркелген. Бұл қылмысқа қатысты екі облыс тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалған.
«Сонымен бірге, іздеуде жүрген адамдарды табу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Алыстағы жайылымдар мен шаруа қожалықтарды тексеру барысында Тарбағатай ауданында қашып жүрген қылмыскерлердің бірі ұсталды. 29 жастағы жігіт бұрын Зырян ауданында қарақшылық жасап, полицияға ұстатпай, қашып жүрген қылмыскер болып шықты», - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.