ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің шығармашылығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрмеде жазушының музей-қорықтың қор топтамасынан алынған кітаптары, киімдері және мемориалдық бұйымдары қойылып отыр.
«Мұнда еліміз тәуелсіздік алған жылдары Қасым Қайсеновтің «Халық қаһарманы» атағын Елбасымыздың қолынан алған кездегі фотосуреті сақталған. Бұдан бөлек көрмеге батырдың жұмыс үстелі, жазу құралдары қойылған. Сондай-ақ Қасым Қайсеновке жерлестері тарту еткен граниттен жасалған қалам қойғыш та осында сақтаулы тұр, - деді облыстық этнографиялық музей директорының орынбасары Гүлжан Кашаку.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.