ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Айыртау ауылындағы Каменское су қоймасы маңында демалып жүрген 1997 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйел қайықта отырған.
- Желдің күрт күшеюіне байланысты олар өздігінен жағалауға жете алмаған. Азаматтарға көмекке жедел түрде құтқарушылар келді. Олар ер адам мен әйелді жағаға аман-есен жеткізді, - делінген ақпаратта.
Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Семейде жаттықтырушы суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны хабарланған.