ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Шуақ ауылында жылдамдығы секундына 32 метрге жететін жел тұрып, қазандық ғимаратының шатырын жартылай ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ.
- Қазіргі уақытта сол жерде жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия мүшелері жұмыс істеуде. Қазандық ғимаратының жалпы ауданы 1250 шаршы метрді құрайды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД өңір тұрғындарына 16-17 қаңтар күндері секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғатынын ескертеді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.