ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылдамдығы секундына 17 метрге жететін қатты желдің салдарынан Көкжайық ауылындағы орта мектептің шатыры бұзылды.
Ғимараттың жалпы ауданы - 1600 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ.
«ТЖД дауылды жел туралы алдын ала ескерту жасаған. Әлі де тұрғындарды сақ болуға және үлкен ағаштардың астында тұрмауға және автокөлік қоймауға шақырамыз. Сондай-ақ билбордтардан және басқа да аспалы құрылымдардан, электр желілерінен мүмкіндігінше алыс болу керек. Жазатайым оқиғалар болмас үшін барынша абай болған жөн» , - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 қызметіне хабарласу керек.