ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Науқасқа қарай бара жатқан көлікте жүргізуші мен фельдшер болған.
«Жол-көлік оқиғасы «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 83-шақырымында тіркелді. Жүргізуші ауа райы жағдайын, нақты айтқанда қатты желді ескермегендіктен рульге ие бола алмай қалды. Соның салдарынан көлік аударылып, жол жиегіне құлап кеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.