ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қайтыс болған зейнеткердің мәйіті пәтерде 8 күн жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Глубокое ауданы Опытное поле ауылындағы көпқабатты үй тұрғындары полицияға подъез ішінде мәйіттің иісі шығып тұрғанын хабарлаған. Бұл иіс жалғызбасты қарт әже тұратын пәтерден сезілген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жеткен.
«Белгілі болғандай, зейнеткер қайтыс болып, мәйіт пәтерде 8 күн жатып қалған. Жалғызбасты әженің ешкімі болмаған. Марқұмға қарсы ешқандай қылмыстық әрекет жасалмаған», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әкімдік дезинфекция шараларын жүргізгенімен подъез ішінен иіс әлі кетпей тұр.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.