ШҚО төтенше жағдайлар департаменті көктайғақ туралы ақпаратты халыққа әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратты.
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептердегі оқуды онлайн форматқа ауыстыру туралы шешім қабылданды. Көктайғақ әсіресе ауыл халқының ары-бері жүруіне қолайсыздық пен жарақат алу қаупін тудырады», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Глубокое ауданындағы Белоусовка, Предгорное, Прогресс, Кожохово, Опытное поле ауылдарында 0-9 сыныптар аралығындағы оқушылар сабақты қашықтан оқиды.
Еске салсақ, осыған дейін 7 қараша күні қатты желге байланысты Павлодар облысының барлық аймағында сабақтар онлайнға көшірілгені хабарланған. https://kaz.inform.kz/news/katti-zhelge-baylanisti-pavlodar-oblisinin-barlik-aymaginda-sabaktar-onlaynga-koshrld-f3beee/