ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты кейбір аудандарда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта оқитын болды.
«Бесқарағай ауданында 0-11 сыныптар, Глубокое ауданындағы Прапорщиково және Предгорное ауылдарындағы 0-4 сыныптар мектепке бармайды. Ал таңертең Курчатов қаласындағы 0-4-сыныптар, Бесқарағай ауданындағы 0-11 сыныптар қашықтан білім алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Семейде екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар мектепке бармаған болатын.