ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 18.00-ден бастап облыстық маңызы бар жолдардың бірі жабылды.
- «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 23-45 шақырымында автокөліктердің барлық түрі үшін жол жабық. Бұған көктайғақ, тұман және жолдың дұрыс көрінбейтіндігі себеп болып отыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.