3 мамырда сағат 20:34-те Шығыс Қазақстан облысы Аблакетка ауданында жол-көлік оқиғасы болды. «Мерседес» және «Фольксваген» автокөліктерінің соқтығысуы кезінде бір жүргізуші қысылып қалды. Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД Мамандандырылыған жасағының құтқарушылары «Холматро» апаттан құтқару құралының көмегімен «Фольксваген Гольф» маркалы автокөлігінің металл құрылмасын ашып, құтқарылған жүргізушіні жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
ШҚО ТЖД төтенше жағдай кезінде дереу 112-ге хабарласу керегін еске салады.