ШҚО-да көлік қаққан велосипедші көз жұмды

Фото: Фото: Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысында көлік жүргізушісі велосипед теуіп келе жатқан жасөспірімді қағып кетті.

Оқиға Глубокое ауданына қарасты Тарханка ауылында болған.

Lada маркалы автокөлік реттелмеген жол қиылысында жасөспірім велосипедшіні қағып кеткен. Ауыр жарақат алған ол сол жерде көз жұмды.

- Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын толықтай анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалған.

Еске салсақ, осыған дейін жол апатына кінәлі адам оқиға орнынан қашып кетсе не істеу керектігі жайлы жазғанбыз.