ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық желілердің 76 пайызы тозған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде коммуналдық желілердің 76 пайызы тозған. Әсіресе, электр желілерінің жағдай мүшкіл.
«Электр желілерінің 97 пайызы, жылумен жабдықтау желілерінің 64 пайызы, сумен жабдықтау желілерінің 62 пайызы, кәріз желілерінің 81 пайызы тозып тұр. Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді», - дейді департамент басшысы Арман Мәлік.
Оның айтуынша, желілердің тозуын кем дегенде 15 пайызға азайту керек.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.