ШҚО-да коронавирус стационарлары 18,2 пайызға жүктелген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус стационарларының жүктемесі 18,2 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде бір күнде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 183 адам тіркелді.

Оның ішіндегі 167 науқаста симптом бар болса, 16 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Соңғы тәулікте 39 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 359 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 18,2 пайыз», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 5466 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.