ШҚО-да коронавирус стационарларында 55 адам емделіп жатыр

​ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысына коронавирус стационарларында 55 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді. Оның үшеуінде де дерттің симптомдары байқалған.

«Бір күнде 11 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 55 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 2,7 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Жалпы пандемия басталғалы бері аймақ бойынша 59 552 адам вирус жұқтырған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде өткен тәулікте 44 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғаны хабарланды.