Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, Өскеменде өткен жедел алдын алу іс-шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізуші құқығынан айырылған адамның №4 маршруттық автобусын тізгіндеп келгенін анықтады.
«Жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автобус арнайы автотұраққа қойылды. Олқылыққа жол берген кәсіпорын автобус иесін жауапқа тарту мәселесін қарастыруда», - делінген хабарламада.