Бас прокуратура мәліметінше, биыл тамыз айында ЖШС меншік иесі бизнес-бастаманы дамытудан бас тартқан. Бұл шешімді кәсіпорын өз бетінше қабылдаған және ол әкімшілік кедергілермен байланысты емес. Алайда нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған бөлінген жерлер мемлекетке қайтарылмаған.
Прокурорлық қадағалау шараларымен құны 180 млн теңге болатын жалпы ауданы 2 930 гектар жер учаскелерінің мемлекет меншігіне қайтарылуы қамтамасыз етілді.
Жер қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.
Елімізде 1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылғанын бұған дейін жазған едік.