ШҚО-да Күршім ауданының жаңа әкімі тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенғазы Чукаев Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады YK-news.kz.

Чукаев Сейсенғазы Жұмағалиұлы 1966 жылы ШҚО Үржар ауданы Ново-Троицк ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Үржар және Жарма аудандарының салық инспекцияларында қызмет еткен, ШҚО бойынша салық комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарған. 2007 және 2011 жылдар аралығында Үржар ауданы әкімінің орынбасары болды.

Соңғы жұмыс орны - облыстық Тексеру комиссиясы.