ШҚО-да құтқарушылар 5 күн бұрын тауда жоғалып адамды тапты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Аймақтағы кезекті іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды - құтқарушылар 5 күн тау арасында жоғалып кеткен саңырауқұлақ терушіні тапты, деп хабарлады облыстық ТЖД.

«11 тамыз күні таңғы 9-да Риддер қаласынан шыққан ТЖК Шығыс аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағы МК күштері (10 адам және 2 техника) 7 тамызда Көкше тауы маңында саңырауқұлақ теріп жүріп, адасып кеткен 38 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстарын бастады», делінген хабарламада.

Сағат 14:30-да ер адам табылды, жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке зәру емес, деп мәлімдеді құтқарушылар.