ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Вознесеновка ауылындағы толғағы қысқан әйелді перзентханаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар қар басқан ауылдағы аяғы ауыр әйелге жол талғамайтын көлікпен көмекке жеткен.
«Қалың қардың салдарынан ауылға апаратын төте жолмен жете алмадық. Қайтадан артқа шегініп, басқа бағытпен баруға тура келді. 3 сағаттың ішінде діттеген жерге де жеттік. Осылайша жүкті әйелді дер кезінде аудандық орталық перзентханаға апардық», – дейді жедел-құтқару жасағының басшысы Қайрат Сәкенов.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.