ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, маусым айында өңір бойынша мамықтың өртенуі көбейеді.
«Өрт сөндірушілер күніне 10 рет теректің мамығынан шыққан қызыл жалынды ауыздықтайды. Көбінесе тілсіз жаудың шығуына – тұрғындардың отпен абайсыз әрекет етуі және балалардың мамықты өртеуі себеп болған. Мамық қас қағымда, жылдам жанып, жан-жаққа от шашады. Сондай-ақ өрт гараждарға, қора-жайларға және тұрғын үйлерге қауіп төндіреді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жалын шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.