ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін Алтай аудандағы демалыс базаларының бірінде болған.
Ауылішілік жолда келе жатқан «Skoda Yeti» маркалы автокөлік батпаққа батып қалған. Азаматтар бірден құтқарушыларға хабарласты.
«Оқиға орнына жедел келген №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері көмекке мұқтаж 2 «Toyota Camry» және «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөліктерді көрді. Құтқарушылар көліктерді сүйреп шығарып, 10 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте ТЖД мамандары өңір жұртшылығынан алыс жолға шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Қолайсыз ауа райында жетуі қиын жерлерге бармаған жөн.