ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі балықшының Mitsubishi Pajero автокөлігі қар құрсауында қалған. Бірден оқиға орнына арнайы техникамен келіп жеткен құтқарушылар азаматтарды жақын маңдағы Шүлбі кентіне жеткізді. Балықшыларға медициналық көмек қажет болмаған.
- Белгілі болғандай, өзенге балық аулауға шыққан ер адамдар қалың қардан кері қайта алмай қалды. Олар құтқарушылардың алдын ала жасаған ескертуін елемеген, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.